
Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Светлана Сагайдак "Сбербанк-Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ресей Сбербанкі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген еді. Бұл туралы kase.kz хабарлады.
Сагайдак осы жылдың мамырында "Сбербанк-Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған. Бірақ 1 шілдеден бастап, ол өз өтінішімен бұл қызметін тоқтатты.
Биылғы жылдың 26 шілдесінен бастап қазақстандық Сбербанкті Наталья Лазарева басқарып келген еді. Ол бұдан бұрын «Халықаралық операциялар» Сбербанк ААҚ-ның атқарушы директоры болған еді.
Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі қаңтар-қыркүйек аралығындағы қорытындыға сәйкес қазақстандық банктердің арасында актив көлемі бойынша 4-орында тұр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025