Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроға 2 432 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 1 778 немесе оның 73% - ы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлық фактісімен парақорлық бойынша – 56%, ұрлық бойынша – 45% қылмыс бұзушылық болған. Сондай-ақ 1 096 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Құқық бұзушылар қатарында 20 Республикалық , 83 облыстық және 134 қалалық және аудандық деңгейдегі басшы бар.
"Екі жыл қатарынан Қазақстанда сыбайлас жемқорлық көріністерінің тұрақты төмендеу үрдісі сақталуда. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 17,7% аз. Ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 2017 жылмен салыстырғанда 7% - ға төмендеді", - деді Жанна Бастарова.
Бастарованың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының айтарлықтай төмендеуі Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Жамбыл және Қарағанды облыстарында байқалады. Ал, мемлекеттік органдардың арасында Инвестициялар және даму министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі оң нәтиже көрсеткен.
Сонымен қатар , сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуі білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында байқалады.