Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бірнеше тағайындау жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Шыңғыс Қабдула мен Нұрлан Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Сондай-ақ Тоқаев Мұхтар Аюбаевты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - ерекше мақсаттағы күштердің қолбасшысы етіп тағайындады, ол бұрынғы қызметінен босатылды.

Похожие материалы