Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда Кедендік органдар, экономикалық тексеру қызметі мен көліктік бақылау сыбайлас жемқорлық кең таралған органдар деп танылды. Бұл туралы palata.kz хабарлады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» рейтингісінің қорытындысын жариялады. Кәсіпкерлікті зерттеу аясында өңірлердегі және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың таралуы мен деңгейіне баға берді.
Зерттеу барысында жоғарыда аталған мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың орташа мөлшері анықталған. Кедендік органдарда – 12 мыңнан 486 мың теңгеге дейін, экономикалық тексеру қызметінде – 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін, ал көліктік бақылау органында – 85 мың теңгеден 314 мың теңгеге дейін.
Еске сала кетсек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 31 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Зерттеу қорытындысымен «Атамекен» ҰКП сайтынынан таныса аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024