Қызылорда. 19 мамыр. 7kun.kz - Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
"Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты 19-23 мамыр аралығында Сырдария өзені Көкбұлақ гидробекеті аймағында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы мүмкін. Су тасулар мен су басулар болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті.
"Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15 градус болады деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1...3 градусқа дейін төмендеп аяз болады", - деді синоптиктер.
Дереккөз: tengrinews.kz