Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түймебаев: Бюджетті дұрыс игермеген басшылар жазаланады

Түймебаев: Бюджетті дұрыс игермеген басшылар жазаланады

Шымкент. 24 қазан. 7kun.kz - ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің бюджет қаржысының игеру жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға берді деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

2017 жылғы 9 айда облыстық басқармалар бойынша 209,6 млн теңге, аудан және қалаларда 559,4 млн теңге қаржы игерілмей қалған.

«Облыстық құрылыс, энергетика, автомобиль жолдары және кәсіпкерлік басқармалары қаржыландыру жоспарларына 17,1 млрд теңгеге 25 рет негізсіз өзгерістер енгізген. Егерде қыркүйектегі 4,4 млрд теңге кейінгі айларға ауыстырылмаған жағдайда аталған облыстық бюджеттік қаржының игеру деңгейі төмен болар еді»,- деді облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Мүлкеманов.

«Қаржы басқармасының бүгін жасаған баяндамасына сәйкес, облыстық басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бағытындағы жұмыстары төмен деңгейде. Сонымен қатар, былтырғы жылдан бері бюджет қаражатын игеру бойынша берілген тапсырмалар орындалмаған. Осы ретте, бірқатар облыстық басқарма басшыларының және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бойынша жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға беремін», - деді облыс әкімі.

Ең ірі көлемде игерілмеген қаржы Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласы және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен дене шынықтыру және спорт басқармаларына тиесілі.

Похожие материалы