Экономика
Т.Мұсабаев: Ресейлік тарап Байқоңырды жалға алу құнын төмендету туралы мәселені көтерген жоқ
Ресейлік тарап Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану үшін жалға алу құнын төмендету туралы мәселені көтерген жоқ және бұрынғыша Қазақстанға жылына 115 млн доллар төленеді. Бұл туралы сәрсенбі күні өткен мәжілістің толық отырысында Инвестициялар және даму министрлігінің аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев хабарлады.
"Негізінде, жалға алу төлемі 1994 жылы екі мемлекет басшыларымен белгіленген болатын. Ол жылына 115 млн АҚШ доллары көлемінде болды. Ол қазір де сол көлемде", - деп мәлімдеді Т.Мұсабаев. "Бүгінгі таңда, әрине, біздің ірі ғарыш айлағымыз үшін бұл соншалықты үлкен баға емес, бұны бәрі түсініп отыр", - деп жалғастырды ол. Т.Мұсабаевтың айтуынша, ресейлік тарап қазіргі таңда ескірген нысандарды жалға алудан шығарудан мүдделі. "Олардың саны өте көп, қазіргі кезде ғарыш айлағында мыңнан астам нысандар бар. Көптеген нысандар бүгін ескірді, және келешекте жалпы ресейлік тараптан да, қазақстандық тараптан оны пайдалану перспективалары жоқ. Сол себепті олар осы нысандарды жалға алудан шығаруға мүдделі. Бірақ Ресей тарапынан ғарыш айлағы үшін жалға алу төлемін төмендету туралы мәселе көтерілген жоқ", - деді депутаттарға комитет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024