Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (ТҮҚЖБ) Директорлар кеңесі қаржы институтының облигацияларын 57,7 млрд теңгеге шығару туралы шешім қабылдады.
«2018 жылдың 24 желтоқсанында облигациялар шығару арқылы банк міндеттемелерін 10% және одан да көп пайызға ұлғайту туралы келісімге қол қойылды. Олардың көлемі 57,7 млрд теңгені құрайды. Айналым мерзімі - 2033 жылдың 28 желтоқсанына дейін», - делінген Қазақстан қор биржасындағы хабарламада.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, купон бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,58%-дан аспайтын болады, ал дивидендтерді төлеу жылына екі рет деп жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024