Астана. 3 маусым. 7kun.kz - Астанада тұрғын үй бағасы девальвацияға дейінгі деңгейге түсті. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, Астанада тұрғын үй бағасы төмендегенмен, Алматыда үй бағасы 2015 жылғы көрсеткішке жеткен жоқ. Бірақ ондағы баға солтүстікке қарағанда тез төмендеп жатыр.
Krisha.kz сайтының мәліметінше, бағаның төмендігі бойынша алғашқы үштікті Ақтау, Шымкент және Алматы бастады. Жыл басынан бері баспана 5,4 пайызға арзандап, шаршы метрдің орташа бағасы 340 мың теңгені құрады. Ал Астанадағы үйлердің шаршы метрі 320 мыңға саудаланып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жаңа үйлер өтімді болып тұр. Дегенмен, соңғы 4 жылда баспана бағасы 20 пайызға қымбаттаған.
"Алматыдағы тұрғынүй бағасы дағдарысқа дейінгі кезге қайтқан жоқ. Нарық 7 пайызға ғана қалпына келді. Қазір үй сатушылардың ұсыныстары өте көп. Дағдарыс жағдайындағы ұсыныстар сатып алушыларға тиімді", - деп атап өтті Krisha.kz шолушысы Алина Буравцева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024