Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Мемлекеттік сектор қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтуды қолға алды. 2016 жылы тұрғын үй кешені бюджеті 14 пайызға өсті. Жергілікті бюджеттің 40 пайызы Астанаға, ОҚО және Алматыға кетеді. Бұл туралы Ranking.kz хабарады.
Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту 2010 жылы адам басына 18,4 шаршы метрді құраса, 2017 жылға дейін 21 шаршы метрді құрады. Бұл БҰҰ стандарттарына қарағанда 9 шаршы метрге аз. Тұрғын үй қолжетімділігі деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, 10,5 млн шаршы метр жаңа пәтер пайдалануға берілді. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға көп. Оның ішінде 1 млн шаршы метр (105,6 млрд теңге) тұрғын үй мемлекет тарапынан бөлінді.
Тұрғын үй құрылыс секторы мен коммуналды шаруашылыққа барлығы 829,6 млрд теңге бөлінді. 2017 жылы 10,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.
Тұрғын үй кешенін қолдауға кеткен шығындар 2016 жылы 14 пайызға өсіп, 507 млрд теңге болды. Осы жылы да өсім болуы мүмкін. 2017 жылдың қаңтар айының өзінде 5,2 млрд теңге жұмсалып үлгерді. Бұл өткен жылдың қаңтар айына қарағанда 40 пайызға көп. Тұрғын үй кешені жалпы мемлекеттік бюджеттің 5 пайызын құрайды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, тұрғын үй құрылысына ең көп шығын жұмсаған Ақтөбе облысы (79%) және Шығыс Қазақстан облысы (75%). Ақтөбе облысына — 28,5 млрд теңге, ал ШҚО-ға – 34,2 млрд теңге бөлінді.
Дегенмен, жергілікті бюджет шығынында 40 пайыздық үлеспен Астана (98,5 млрд теңге), ОҚО (56,2 млрд теңге) және Алматы (47,2) көш бастап тұр (40%).
Ең көп қаржы Павлодар облысы (84%) мен Қарағанды облысына (40%) жұмсалған. Себебі, ауылдық пунктерге су жүргізу және сумен қамту жүйесі енгізіледі.