Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттің әлеуметтік саясатының аясында арзан тұрғын үй құрылысының жаға Бағдарламасын таныстырды.
Бұл бағдарлама салымшылардың өз шаршы метрлерін күту мерзімдерін қысқартады.
ТҮҚЖБ басшылығының пікірінше, депозиттерді екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) уағдалы орналастыру бғдарламасы әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін жылын жүздеген мың шаршы метрге арттыруға мүмкіндік береді.
"Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша құрылыс көлемін арттыру үшін банк желісі арқылы мемлекет қосымша 30 млрд теңге бөліп отыр. Біз өз қаражатымыздан тағы 20 млрд теңгені бөліп, оларды ЕДБ-дегі депозиттер ретінде минималды жылдық 3%-бен орналасыруға дайынбыз. Бұл ретте ЕДБ Бағдарламаға қатысу үшін құрылысшыларға несиелер беруі тиіс, мұнда пайыздар қатаң ескертілген - 7 пайыздан жоғары емес", - деп мәлімдеді ТҮҚЖБ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев.
"Егер 2014 жылы ТҮҚЖБ желісі бойынша 429,3 мың ш.м. берілсе, біздің Құрылысты жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы қосымша тағы да шамамен 120-130 мың ш.м. әлеуметтік түрғын үйді тұрғызуға көмектесер еді", - деп түйіндеді сөзін ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024