"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары бұдан былай несие алу үшін апталап жүрмей, құжаттарды екі күннің ішінде жинау мүмкіндігіне ие болады деп хабарлайды www.24.kz.
Себебі банк клиенттің мекенжайы, жылжымайтын мүлік туралы анықтамалары мен неке куәліктерін мемлекеттік деректер қорынан өзі-ақ ала алады. Ал құжаттар дайын болғанда, SMS хабарлама арқылы несие алушыға хабар береді. Бұл - банктің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамдығымен бірлесіп атқарған жұмысы. «Банктің ақпараттық жүйесі электрондық үкіметпен интеграциясы арқылы қолжетімді болды. Банк клиенттің деректерін өзі ала алмайды. Тек қана клиент рұқсат берген жағдайда. Сол рұқсатты өте ыңғайлы электрондық, SMS бойынша және Үкімет порталында беруге болады», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев. Бүгінге дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана аламын деген 90 мың адамға несие беріпті. «Ал ағымдағы жылдың 7 айында ғана қазақстандықтарға 90 млрд теңге көлемінде қаржы бердік», - дейді банктің басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024