Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" тұтынушылары депозиттерін QR–код арқылы толтыр алады. Бұл туралы банктің баспасөз-қызметі хабарлады.
QR–код клиент туралы барлық ақпаратты сақтайды. Екі өлшемді штрих-код банк сертификатына басылып шығады. Ол барлық салымшыларға шот ашу кезінде беріледі. Жаңа енгізулер арқылы смартфондарымен депозитіне ақша құйып, ондағы қаражат санын есептей алады. Ол үшін тұтынушының ұялы телефонында интернет пен камера болуы керек.
"Жаңа тәсіл біздің салымшыларға онлайн-төлемнің көмегімен уақыттарын үнемдеуге көмектеседі. Енді оларға тіркелудің қажеті жоқ. Қолма-қол емес төлем кезінде альтернативті кодты теріп, мәліметтерді толтырса жеткілікті. Сонымен қатар, реквизиттер арқылы адамдардың жіберуі мүмкін қателерін азайтады", - деп атап өтті Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" жобаларды басқару департаментінің директоры Берік Әубәкіров.
Ол үшін салымшы QR-кодын сканерден өткізу арқылы гаджетіне арнайы қосымшаны көшіріп алуы қажет. Одан кейін, ттұтынушыға төлем туралы сілтеме келеді.
[caption id="attachment_69619" align="alignnone" width="613"] Фото: today.kz[/caption]"Қосымша клиентке Kaspi.kz немесе E-pay (Қазкоммерцбанктің төлем шлюзі) арқылы депозитін толтыруға мүмкіндік береді. Барлық төлемдер комиссиясыз жүзеге асады. Оған бар болғаны карточка нөмірі мен шотқа салынатын соманы енгізсе болды. Ақшаның 2-3 минутта депозитке түседі. Көшірілген сілтемені туыстары және жақындарымен бөлісуге болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жақын арада банкте QR-код арқылы қарыздарды төлеу функциясын да енгізіледі. Сертификатына QR-кодты енгізу үшін салымшы банктің жақын жердегі бөлемшесіне барып өтініш білдіруіне болады. Банкте оған коды бар жаңа құжат ұсынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024