Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақысыз депозит ашуға болады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақысыз депозит ашуға болады

Тұрғын  үй құрылыс жинақ банкінде (ТҚЖБ) жинақ есепшотын ашқан кезде келісілген соманың 10%-ын төлегендер комиссия төлемінсіз депозит аша алады. Ал жинағына келісілген соманың 5%-ын төлегендерге комиссиялық жарнаның 50% көлемінде жеңілдік беріледі. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жинақ келісім-шартын ашқаны үшін жалпы соманың 0,55% есебінде комиссия алынады. Банктің ережесі бойынша, ол 500 айлық есептік көрсеткіштен (АЕР) кем болмауы қажет. Бұл 1 млн теңге шамасында. Осы арқылы салымшылар 2,5 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін үнемдей алады. ТҚЖБ-ның мәліметі бойынша, салымшы орта есеппен өз жинағына 2,2 млн теңге салуға тырысады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Депозит толтырғаны үшін бонус" акциясы сәуірде басталды және 4 ай бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында келісілген сома көлемін ұлғайтқысы келгендер акция шарттарын пайдалана алады.

Ал банкте жинақ үшін кез-келген бөлімшеге баруға немесе агент-консультантты үйге шақыруға да болады. Депозит ашу үшін жеке төлқұжатының болуы жеткілікті. ТҚЖБ ұсынып отырған тарифтік бағдарламалар бойынша, жылдық бәстер 3,5 пайыздан 9,5 пайызға дейін барады. Алдағы уақытта ТҚЖБ салымшылары тұрғын-үй нарығында жайлы шарттар арқылы пәтер сатып алуына немесе "Қол жетімді баспана - 2020" бағдарламасына қатысуға болады.

 

Похожие материалы