Экономика
Тұрғын үй шаруашылығы саласында 33 пилоттық жоба іске асырылады
Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Жалпы ел бойынша 33 пилоттық жоба таңдап алынды. МЖӘ әлеуеті коммуналдық салада екенін жақсы білеміз. Бұл – су арналары, электр және жылу желілері», — деді Роман Скляр
Өңірлерде жұмыс істейтін барлық коммуналдық кәсіпорындар технологиялық жаңартуларға мұқтаж. МЖӘ моделі, өз кезегінде, осы кәсіпорындарды жаңартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тұтынушылар жоғары сапалы коммуналдық қызметтер алатын болады.
Роман Скляр сондай-ақ, қатынастарды реттеуге, әлеуетті серіктестерді табуға, әкімдіктермен, түрлі жобаларды қаржыландыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесетін ҚР ИДМ жанынан МЖӘ орталығын құру туралы мәлімдеді. Бұдан өзге, жақын арада МЖӘ бойынша типтік келісімшарт жасалады. Бұл бағдарлама пилоттық режимде іске қосылады, содан кейін ол бүкіл ел бойынша кеңінен таратылатын болады.