Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркіменстан Қытайға жіберетін газ көлемін өсірмекші

Түркіменстан Қытайға жіберетін газ көлемін өсірмекші

Түркіменстан Қытайға жіберетін жыл сайынғы газ мөлшерін 2021 жылдың соңына қарай 65 шаршы миллиардқа дейін ұлғайтпақшы деп хабарлайды ел үкіметінің ресми сайты.  

Хабарламада жазылғандай 2014 жылдың соңында Түрікменстан-Қытай газ құбырының қуатталығы 55 шаршы миллиардқа дейін көбейтілген.  

2013 жылдың қыркүйегінде Түркіменстан мен ҚХР  жыл сайын 25 шаршы млрд көгілдір отын жіберетін төртінші газ құбырын салу туралы келіміге қол қойған еді.  Бұл желі Түркіменстан-Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай маршруты бойынша жүреді. Құбыр желісінің құрылысы  2017 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қытайлық  CNPC ұлттық мұнай-газды корпорациясы мен  мемлекеттің «Түркіменгаз» концернінің өзара келісім-шарты бойынша 2021 жылдың соңында Түркіменстан жыл сайын 65 шаршы млрд газ жеткізуі қажет. 

Похожие материалы