Электр энергиясын үнемдеп жұмсау сіздің отбасылық бюджетіңізді сақтауда көмектесіп қана қоймай, қоршаған ортаға мейлінше аз зиян келтіруде де пайда әкеледі.
Тоқты барынша аз қолданамын деген жандар қарапайым, бірақ тиімді құрылғыны тұтынып көре алады. Оның атауы - тұрмыстық ваттметр.
Орта есеппен бағасы 30 доллардай болатын құрылғы сізге үйдегі қай техниканың қанша тоқ көлемін "жеп" жатқанын анықтап бере алады.
Мәселен, осы ваттметрдің көмегімен сіз келесі сұрақтарға жауап ала аласыз:
- Күні бойы қосылып тұратын компьютер қанша электр энергиясы пайдаланады?
- Ескі тоңазытқышыңыз тұтынатын электр қуатының көлемі қандай? Мүмкін жаңасын алатын уақыт келген шығар?
- Ыдыс жуғыш машинаны қолданғанда, кір жуғанда немесе шаш кептіргенде қанша теңгенің басына су құясыз?
- Өшіп тұрса да теледидарыңыз қанша ватт тоқ жұмсайды?
Түрлі нұсқадағы ваттметр, міне, осы сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, осы құрылғының көмегімен сіз жалпы алғанда қанша қаражат жұмсайтыныңызды есептеп, шағын талдау жасай аласыз.
Тек үйде ғана емес, ватметрді бизнесте де қолдануға болады.
Аталған құрылғыны түрлі интернет-дүкендерден сатып алуға болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024