Отандық алғашқы 3D-принтер осы жылдың сәуірінде шығады. Бұл туралы Технологияларды коммерциялау орталығының директоры Дамир Егізбаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
"2014 жылдың желтоқсанында біз 3D-принтерлерді шығаратын жобаға қолдау білдірдік. Қазір бұл технология әлемде кеңінен таралып жатыр, алайда қызмет көрсету жағы әлі де болса кемшін түсуде. Біздің жобаның авторлары толық қызмет түрін ұсынады, яғни құрылғыларды өздері жасайды, оқытады, техникалық қызмет көрсетуін жүргізеді, бағдарламалық қамтамасыздандыруын да жаңартып отырады", - деді Дамир Егізбаев. Оның айтуынша, отандық өнім нарықтағы шетелдік баламаларға қарағанда 20-30 пайызға арзан болмақ.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024