Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тәжікстан Қазақстаннан 19 млн долларға автобустар сатып алады

Тәжікстан Қазақстаннан 19 млн долларға автобустар сатып алады
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары Қуат Жолдыбеков айтып берді деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.  KazakhExport қолдауымен Тәжікстан Душанбедегі автобус паркін кеңейту мақсатында жалпы құны 19 млн доллардан астам сомаға KazakhExport қолдауымен Қазақстаннан Hyundai County маркасының 300-ге жуық автобусын сатып алады. Сондай-ақ, 16 млн доллардан астам сомаға Рогун СЭС құрылысына арнап «Арселор Миттал Теміртаудың» шамамен 30 тонна арматурасын экспорттау көзделген. Бұл мәміле «KazakhExport» қаржылық және сақтандыру құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. «Өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстанға жасаған сапары аясында KazakhExport автобустар, арматуралар мен теміржол машинасын жасау өнімдерінің экспорты бойынша меморандумға қол қойды», — деді Жолдыбеков. Сонымен қатар, KazakhExport-тың қаржы құралдары Тәжікстанға теміржол машинасын жасау өнімдерін жеткізу кезінде пайдаланылатын болады. Мұнда 300 жабық жүк вагонын, 200 ашық вагонды, 4 маневрлік және магистральді локомотивтер экспорты туралы айтылып тұр, бұдан өзге Р-65 маркасының 5200 тоннадан астам рельсі жеткізіледі.  

Похожие материалы