Тәжікстан билігі елде жұмыс істейтін барлық БАҚ-ты республикадағы мемлекеттік органдардың ресми баспасөз баяндамалары мен мәлімдемелерін алып отыратын ұлттық "Ховар" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасауды міндеттейді. Бұл туралы ел үкіметі отырысындағы ресми хаттамада жазылған.
"Барлық мемлекеттік ведомстволар хабарламалары мен баспасөз баяндамаларын ұлттық "Ховар" ақпараттық агенттігіне беріп отыруы, ал өзге БАҚ ресми ақпаратты тек осы ресурсқа сілтеме беріп қана жариялауы қажет", - делінген хабарламада.
Хаттамада жазылғандай, жаңа өзгеріс үкіметтік отырыстарға, президенттің іс-сапарларына, Тәжікстанның ресми тұлғалары мен делегациялары қатысқан халықаралық іс-шараларға қатысты енгізілген.
Тәжікстанның Ұлттық тәуелсіз БАҚ бірлестігінің есептеуінше, үкіметтің бұл шешімі жергілікті және шетелдік БАҚ-қа ақпарат алуға бірдей құқық беретін "БАҚ туралы" заңға қайшы келеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024