Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 315,47 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 315,47 теңге

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 наурыздағы доллардың орташа бағамы 315,47 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 315,01 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,60 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 315,47 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 33 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 110.

Ақша айырбастау орындарында 7 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 318,5 теңгені құраған.

Aйта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы