Қазақстанда бизнесті дамыту бойынша жылына шамамен оннан астам акселерация бағдарламасы өткізіледі. Алайда MOST бизнес-инкубаторы келтірген статистикаға сүйенсек, қатысушылардың 80 пайызы соңына дейін жетпейтін көрінеді. Себеп: дайындықтың аздығы мен идеяның шикілігі. Ал іске қосылған стартаптардың көбі алғашқы кезеңде-ақ өз жұмысын тоқтатады екен.
Сонда табысты стартап жасаудың құпиясы неде? Бұл сұраққа MOST бизнес-инкубаторының жетекшісі Алим Хамитов жауап беріп, 5 негізгі критерийді ұсынды. Ендеше, мұқият оқып, түртіп алыңыз!
Өз жобаңа сену!
Көбіне командалар өз жобаларына сенімсіз қарайды. Сіздің ойыңызда «сәтсіздікке ұшыраған» жобаның ақырында құрдымға кететіні анық. Сондықтан бәрін алдын-ала анықтап алыңыз!
Мәселенің шешімі
Жоба қоғамның ауруын «емдеу» қажет. Табысқа жетудің 2 басты ережесі бар. Біріншіден, стартап маңыздық гипотезасы мен өсім гипотезасын ақиқатқа айналдырып, өзін дәлелдеп шығуы тиіс. Екіншіден, стартап нақты бір мәселенің шешімі болуы керек.
Команда
Бірнеше адамның бір команда болып дұрыс жұмыс істей алуы – стартаптың табысқа жетуіне әсер ететін негізгі фактор. Сәтті стартаптардың бәрі дерлік өз бизнестерінде күтпеген «бұрылыстар» жасайды. Осындай шешуші сәттерде команданың мықты не әлсіз екені көрінеді. Бастысы, стартаптың негізін қалаушы жаһандық деңгейде ойлайтын, болашақты бағдарлай алатын адам болса болғаны. Себебі, жобаның жетістікке жетуі көбіне лидерге, оның команданы басқара алу қабілетіне байланысты.
Бизнес-жоба
Қысқасы, команда жобаның қалай ақша «табатынын» жақсы білуі керек. Сонымен қатар, стартаптың даму перспективалары мен үлкен нарыққа арналған кәсіби өсу стратегиясы болғаны жөн. Және жобаңызды экспортқа шығару мәселесін де ұмытпаңыз.
Көптеген жобаларда кететін қателік - ұсынылатын тауар туралы, технологиясы, нарықтағы орны мен бәсекеге қабілеттігі туралы барлық мәлімет беріледі де, табыстың нақты көзі көрсетілмейді. Яғни, кіріс пен шығыс есептелетін қаржылық құрылым назардан тыс қалады.
Шыдамдық
Стартап бірден үздік тауар жасап шығаруға тырыспауы керек. Шыдамды болыңыз. Кемшіліктерді түзете отырып қана «мінсіз» атануға болатынын ескеріңіз. Ал бұл – біраз уақытты талап ететін процесс. Есесіне, жобаңыздың «өмірі» ұзақ болады. Бірден ақшаны «күректеп табамын» деген ойдан да аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, табыс қажырлы еңбек пен өмірлік тәжірибенің нәтижесінде келеді.
Дереккөз: Hipo.kzПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024