Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz — 2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 76575 теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 14,6 пайызға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары 2015 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыз төмендеген.
2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының жоғары мөлшері Атырау облысында байқалды. Облыста осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артқан. Яғни 142 758 теңгені құрады.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді. Осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 56-63 пайыз құрайды. Яғни Оңтүстік Қазақстан облысында - 43 103 теңге, Жамбыл облысында - 48 067 теңге.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024