Алматыда «Тайбурыл» ҚБ тағайындаған шәкірақы иегерлері марапатталды. Студенттерге сертификаттарды «Тайбурыл» ҚБ серіктестері «Kaspi Bank» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басшылары тапсырды.
«Тайбурыл» Қоғамдық бірлестігі студенттерге арнап арнайы шәкіртақы тағайындауды 2013 жылы қолға алды. Жобаның негізгі мақсаты – студенттерге қаржылық қолдау көрсету. Бірлестік құрылған уақытта алғашқы конкурста бар болғаны 10 студентке шәкіртақы тағайындалған. Ал 2014 жылы 10 есеге артып, студенттердің саны 150-ге жеткен.Биыл шәкіртақы иегерлерінің саны 270-ті құрады. "Жылына екі рет өткізілетін конкурс биылғы жылы ерекше болды",- дейді "Тайбурыл" ҚБ төрағасы Олжас Худайбергенов. Себебі демеушілер өздері хабарласып, көмек қолын созған. Нәтижесінде экономикалық дағдарысқа қарамастан, жоба стипендиаттарының саны артып отыр. Бұл өткен екі жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш.
«Биылғы жылы жоба барысында 1000-нан аса өтініштер қабылданды. Жыл сайын өтініштердің саны артып келеді. Осыған байланысты өтініш жіберудің талаптары биыл өзгертілді. 1000 өтініштің ішінде 700 жуық студенттің өтініштері талапқа сай болды. Алайда арнайы комиссия тек 270 студентті таңдап алды», - деді Олжас Худайбергенов.
«Kaspi Bank» АҚ ғимаратында өткен шара барысында жоба демеушілері «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе мен «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов студенттерге арнайы сертификаттарды табыстады.
«Білім – әрбір адам үшін қажет. Сондықтан біз әрқашан білім саласын инвестициялауға дайынбыз. Біздің басты мақсатымыз - алға қойған жұмысты толығымен орындау. Өздеріңізді біліммен инвестициялаудан жалықпаңыздар. Біз, директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Киммен бірге білім өмірден алуға болатын нәрселерді беретін, сенің алға жылжуыңа ықпал ететін, өмір бойы бойыңда болатын басты нәрсе деп санаймыз. Білімді бойыңа сіңірсең, жоғалмайтын жақұт», - дейді «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрғасы Михаил Ломтадзе.
"Түйіндемеде аталған шәкіртақының иегері болғандығыңыз туралы жолдардың болуы, ол сіздің белсенді, жұмысына өте мұқият қарайтын адам екеніңізді көрсетеді. Бұл еңбекті бағалау, мақсатқа қол жетуге тырысуды бағалау және студент осындай жас кезінде-ақ өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істейтіндігін көрсетеді",-деді шара барысында «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов
Сертификат тапсырылғаннан кейін студенттер шәкіртақыға байланысты және екінші деңгейлі банктердің жұмысына қатысты сұрақтар қойды. "Тайбурыл" қоры тағайындаған шәкіртақының маңызы зор екенін атап өтті.
«30 000 теңге студенттер үшін аз емес. Өзіміздің қосымша білім алып, спортпен шұғылдануға, туындайтын қиындықтарымызды реттеуге көмектеседі. "Тайбурылда" басқа жобаларға қарағанда қойылған талаптар оңай. Мен үшін бұл шәкіртақының маңызы зор», - дейді шәкіртақы иегері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4-курс студенті Самал Сұлтанова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024