Экономика
Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО- 2017" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды
Мемлекет Басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Сондай-ақ Мемлекет Басшысының Өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Талғат Ермегияев аталған қызметке 2013 жылдың қаңтар айында тағайындалған. Әділбек Жақсыбеков болса 2014 жылдың 22 қазанынан бері Астана қаласының қызметін атқарып келген еді. «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» басшылығында болған аяқ асты өзгерістердің себебі белгісіз. Еске сала кетейік, бүгін «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясының» құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов қамауға алынды деген ақпарат тараған еді. Артынша БАҚ-да Астананың Алматы ауданының № 2 үй аудандық соты үйқамаққа алуға санкция берді деген ақпарат жарияланды. kapital.kz-тің мәліметінше Үсенов қазіргі кезде Ұлттық компанияда кеңесші қызметін атқарады. Ол 214 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. "2014 жылы ол «Southfork» ЖШС атқарушы директоры Сеитов С.Б-мен және аттары аталмаған «Астана ЭКСПО-2017» лауазымды тұлғаларымен бірге мемлекет қаржысына ауыз салған" деп жазады kapital.kz. Қазіргі кезде аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде. «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» төрағасының орнынан кетуіне аталған оқиғаның қатысының бар-жоғы белгісіз. Ермегияевтің қызметінен кету себебі туралы ақпарат жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024