«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экс-төрағасы ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы Астана қаласы сотының сайтында жарияланған.
«Талғат Ермегияев ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағы бойынша (өзгенің мүлкін жымқыру) күдікті ретінде танылып отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экс-төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамаққа алуға санкция берген. Қазіргі кезде экс-төраға үйқамақта отыр. Айта кетейік, аталған бап бойынша 7-12 жыл аралығында жаза тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызмет немесе кәсіппен айналысуға 5 жылға дейін тиым салады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, үйқамаққа отырғызылған болатын. 11 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. ҚазАқпарат, zakon.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024