Астанадағы Алматы қаласының N2 соты бейсенбі күні "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз-қызметі.
Таратылған ақпарат бойынша, бейсенбі күні сотқа "Са-Бек" ЖШС (үлесті қатысуының көлемі - 30%), "ТКМ" ЖШС (30%); "Глобус Алматы" ЖШС (50%); "ХОЗУ-Транс"ЖШС (100%); "Рахат-АВТО" ЖШС (18%); "Глобус Астана" ЖШС (50%) кәсіпорындарындағы капиталдарына санкциялау туралы өтініш келіп түскен. "Өтінішхат сот арқылы егер күдікті жазаға тартылатын болса мүлкін тәркілеу мүмкіндігі болуы мақсатында қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экс-төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамаққа алуға санкция берген. Ол ҚР ҚК 176-бабының 4-тармағы бойынша (өзгенің мүлкін жымқыру) күдікті ретінде танылып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024