Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Тамара Дүйсенова жаңа жұмысқа ауысып, Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы Twitter-де партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
"Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетеді. Бір жарым жыл ішінде ол партияның сайлауалды тұғырнамасын және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды іске асыруға елеулі үлес қосты. Партия басшылығы атынан атқарылған жұмыс үшін алғыс айтып, жаңа салада табыс тілеймін", – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің шешімімен Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен кетіп, Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Әр жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024