Қазақстан бойынша «BalaTurkvizyon-Казақстан» байқауының Ұлттық іріктеуі жалғасуда.
Өткен демалыс күндері Павлодар облысында жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі, әнші Ринат Малцаковпен бірге 8-13 жас аралығындағы дарынды балалардың ең үздігін таңдады. Қазылар алқасына талантты балалардың ішінен тек жалғыз үздігін таңдау қиынға түсті, өйткені, бұл іріктеуге бірінші рет дуэт пен топтар қатысуда. Ұзақ уақытқа созылған кейін, «Жұлдызды үйге», «BalaTurkvizyon-Казақстан» байқауының жартылай финалына жолдаманы тоғыз жасар Тамила Рахимбаева жеңіп алды. Іріктеу кезінде Тамила Алдияр Ыбраевпен бірге дуэтте өнер көрсетті. Бірақ, тәлімгерлердің шешімі бойынша Тамила үздік болып танылды.
Ұлттық іріктеудің келесі аялдамасы - Қарағанды қаласында 16 маусым күні, «Кеншілер» сарайында, таңғы сағат 9-дан бастап әнші Нұржан Керменбаевтың қатысуымен кастинг өтеді.
Біздің анықтама: «Bala Turkvizyon» Халықаралық ән байқауы – түркітілді елдер арасындағы Халықаралық «Turkvizyon» ән байқауының 8-13 жаc аралығындағы дарынды балаларға арналған баламасы. «Turkvizyon» - бұл көптеген мемлекеттер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен. 2014 жылы байқауға 25 түркітілді елдер қатысты. «Turkvizyon-2014» қазақстандық әнші Жанар Дұғалова «Ізін көрем» әнімен жеңімпаз атанды. «Turkvizyon» ән-додасын «TÜRKSOY» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен ТMB TV түрік телеарнасы ұйымдастырып отыр. «Bala Turkvizyon» Халықаралық ән байқауының Қазақстандағы ұйымдастырушысы Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024