
Нұр-Сұлтан. 27 шілде. 7kun.kz – Тамызда тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 4 мыңға адамға дейін баруы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз әр екі-үш апта сайын эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартып отырамыз. Омикрон штамының ВА.5 түрінің таралуына және аурудың өсуіне байланысты тамызда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, қыркүйекте бәсеңдейді деген болжам бар», – деді Есмағамбетова.
Оның сөзінше, тамызда тәулігіне вирус жұқтыратындардың максималды саны 4 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.
Болжам үнемі жаңарып отыратындықтан, сандар өзгеруі мүмкін екені атап өтілді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025