Алматы. 28 шілде. 7kun.kz – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның тамызда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерін атады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тамызда Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға сәйкес болады.
«Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.