Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 380 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 380 теңге

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,96 теңгені құрады. 29 наурыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (380,36 теңге/$1) ұлттық валюта 0,4 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,97 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 35 млн 195 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 71.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381,5 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 380,04 теңгені құрайды.

Похожие материалы