Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,70 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,54 теңге/$1) ұлттық валюта 0,16 теңгеге әлсіреді.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,05 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 23 млн 320 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 62.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377,6 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.
Ұлттық Банктің 5 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,65 теңгені құрайды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024