Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан қор биржасынның (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 369,93 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ( 370,40 теңге / $1) ұлттық валюта 0,47 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 369,50 теңге деңгейінде болды. Ең жоғары – 370,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 369,65 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 40 млн 350 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 106.
Астананың айырбас пункттерінде долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 371 теңге, Алматыда – 372 теңге.
Ұлттық Банктің ресми курсы бойынша 1 доллар 370,11 теңге болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024