Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда теңге курсы әлсіреді

Таңғы сессияда теңге курсы әлсіреді

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,21 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,99 теңге/$1) ұлттық валюта 0,22 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,36 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,35 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 38 млн 55 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 107.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 23 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 377,11 теңгені құрайды.

Похожие материалы