Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Танктер әлемінің» жанкүйерлері үшін жаңа тариф пайда болды

«Танктер әлемінің» жанкүйерлері үшін жаңа тариф пайда болды

Beeline байланыс желісі компьютерлік танк ойыны нарығындағы әлемдік алпауыт Wargaming компаниясымен бірге жаңа ойын тарифін іске қосты, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі. 

Жаңа тарифтік жоспарға секундына 100 Мбит жылдамдықтағы  үйдегі интернет пен ойыншыларға арналған бірқатар опциялар  кіреді.

Қазақстандағы абонеттер саны бойынша көш бастап тұрған Beeline операторы әлемде 160 миллионнан астам, ал, Қазақстанда жүз мыңдаған ойыншысы бар World of Tanks ойынының жанкүйерлері үшін жаңа тарифті жоспар әзірлеп, оны көпшілікке таныстырды. «Ойын» деп аталған тариф екі компанияның да сұранысқа ие қызметтерін біріктіріп отыр. 

Яғни, Beeline-ның «Үйдегі интернет» қызметіндегі секундына 100 Мбит жылдамдықтағы интернеті мен  Wargaming компаниясының  World of Tanks ойынындағы премиум аккаунттары енді осы жаңа тарифпен бірге жүреді.   Осылайша, «танктер әлемінің» Қазақстандағы жанкүйерлері «Ойын» тарифін қоса отырып, ойындағы Т-44-100 деңгейлі VIII эксклюзивті  премиум-танк, «Әскери бауырластық»-тағы әлі дағдысы жоқ, бірақ дайындығы жоғары экипаждарды және таусылмайтын танктердің премиум-аккунттарын ала алады. 

Wargaming компаниясы «free-to-play» нарығында ТМД елдері бойынша  көш бастап тұр. Компания қоржынында 10-нан астам ойын бар, олардың арасындағы ең танымалы – World of Tanks ойыны. Бұл ойын бір мезетте көп адам жаппай пайдалана алатын танк экшн болып саналады. Сондай-ақ, ойында ХХ ғасырдың ортасындағы әскери көліктер бар. Ал, жаңа тарифтік пакет World of Tanks ойыншылары арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша жасалған. 

Екі компанияның өкілдері атап өткендей, жаңа тарифті қосудағы басты мақсат ойын жанкүйерлеріне барынша ыңғайлы жағдай жасау. Және серіктестер уақыт өте жаңа тарифті жан-жақты дамытуды жоспарлап отыр. 

-World of Tanks дегеніміз – әлем бойынша  жанкүйерлер армиясы бар ойын индустриясындағы ірі қатысушы.  Beeline мен Wargaming компанияларының серіктестігі арқасында біздің тұтынушылар жоғары жылдамдықтағы интернетке ғана қол жеткізіп қоймайды. Тарифті жоспармен бірге жүретін бонус танктердің төбелесінде басымдық орнатып,  бронетехниканың элитті түрлеріне жол ашады. Бұл тәжірибелі ойыншы үшін, әсіресе, адамдармен онлайнда қарым-қатынас орнату ең қауіпсіз жолға айналған карантин кезінде, өте тиімді ұсыныс болмақ, - дейді Beeline Қазақстанның маркетинг жөніндегі директоры Максим Цвыков. 

Ал, World of Tanks арнайы жобалар мен инновациялар жөніндегі департамент жетекшісі Алексей Олехнович болса, алдағы уақытта  осы тарифті таңдағандар арасында экслюзивті турнирлер өткізу ойда бар дейді. 

-Біздің ортақ мақсатымыз – ойыншыларды барынша бақытты ету. Сондықтан, премиум-танк пен таусылмайтын премиум-аккаунтардан басқа, «Ойын» тарифінің абонеттері үшін экслюзивті турнилер жасауды жоспарлап отырмыз. Және бұнымен тоқтап қалмай, серіктесіміз Beeline Қазақстанмен бірге, «Ойын» тарифін одан сайын дамытамыз, - дейді Алексей Олехнович. 

Жалпы, Beeline Қазақстан компаниясы Reputation Institute репутациялық институтының аудиті  бойынша, елдің ең құрметті операторы атағына ие болған. 

Похожие материалы