Әлемнің төрт құрлығындағы 57 елде 1200-ден астам дүкені бар, Еуропадағы 6-шы ірі бөлшек сауда желісі LC Waikiki Алматыдағы «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының екі қабатын бірдей алып жатқан, жалпы ауданы 5250 шаршы метрді құрайтын ең үлкен филиалын ашты. Осылайша жаңа дүкен жергілікті 100 адамға жұмыс тауып берді. Әлемде бойынша минутына 2155 тауар сататын LC Waikiki жаңа дүкенінің тұсауын кесуге Қазақстандағы ең ірі инвестиция және даму компанияларының бірі TSPM-мен серіктестіктің арқасында қол жеткізіп отыр.
Бертінде, 1988 жылы ғана үш француз серіктесімен құрылған LC Waikiki 1997 жылы түрік брендіне айналған.
«Біз Қазақстанда нарық көшбасшысы ретінде 51-ші дүкенімізді ашқанымызды мақтан тұтамыз. 10 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерімізді сәнді де сапалы киім кешекке арзан бағамен қамтамасыз ету үшін талмай еңбектеніп келеміз. Компаниямыздың «Әр адам жақсы киінуге лайық» деген ұранымен, аз ғана жылдың аясында төрт құрлықтағы 57 елде 1200-ден астам дүкен аштық. Біз 22 елде нарық көшбасшымыз және Еуропадағы алтыншы ірі киім сатушысымыз. Ендігі мақсатымыз – алдағы бірнеше жылда Еуропадағы үздік сән брендтерінің ең озық үштігіне кіру. Біз 2022 жылды сегіз елде 150 жаңа дүкен ашумен қорытындылауды жоспарлап отырмыз. Және жыл соңына дейін әлемнің 60 еліндегі нарыққа шығып, 1300-ден астам дүкен ашуды көздеп отырмыз. Ал Қазақстан орналасқан жері мен қазіргі нарықтық әлеуеті бойынша біз үшін ең маңызды аймақтың бірі. 2022 жылғы межеміз бойынша – 19 қалада жұмыс істейміз және 51 филиалымыз бар. Қазақстандағы дүкендеріміздің жалпы аумағы 69 677 шаршы метрге жетті, сонымен қатар 2023 жылы ел аумағында 4 жаңа дүкен ашуды көздеп отырмыз. 2022 жылы біз 163 миллион долларлық тауар айналымына қол жеткіздік. Жаңа дүкендерімізбен біз 2023 жылы жалпы айналымды 200 миллион долларға жеткізуді мақсат етіп отырмыз», – деді LC Waikiki-дің халықаралық бөлшек сауда жөніндегі бас директорының орынбасары Илкер Хачиоглу.
Компания сондай-ақ 2022 жылы Қазақстанда 20 миллион дана тауар сатқанын және жалпы бөлшек сауда нарығының 5% үлесін иемдене отырып, нарық көшін биыл да бастап келе жатқанын атап өтті. Оған қоса жақын арада Алматыдағы логистикалық қоймаға инвестиция сала бастайтындарын мәлімдеді. Компания 2023 жылы ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа логистикалық орталықты пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Еркебұлан Бақытжан
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024