Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы көмір өндірісі 107 млн тоннаға жеткізіледі

2018 жылы көмір өндірісі 107 млн тоннаға жеткізіледі

Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — Елде көмір тапшылығы болмау үшін энергетика министрлігі өндірілетін қара отын көлемін 2018 жылы 107 млн тоннаға жеткізеді. Алдағы уақытта 8 энергоблокты, 56 қазандық пен 47 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Осы сынды бірқатар ақпаратпен бөліскен ведомство өкілдері көмірдің сапасын да сөз етті. Себебі «алған қатты отынымыз жанбайды» деген халықтың шағымы көбейіп кеткен. Бұдан бөлек, Өскемендегі білдей жылу электр орталығына жеткізілген көмірдің біразы тас болып шыққаны анықталыпты. Сондықтан қазір компания басшыларымен кездесіп, көмір сапасына тексерісті күшейтілді.

"Осы мәселе бойынша көмір өндіретін кәсіпорын басшыларын шұғыл түрде жинап жатырмыз. Қатты отынды жеткізудің бізде арнайы стандарты бар. Тағы бір айтар жайт, кейбір кәсіпорындар халыққа «Шұбаркөл» деп, сапасыз өзге көмірді сатып жатқаны белгілі болды. Осы тұрғыда тұрғындардан шағым да түсті. Бірақ бұл жағдайды біз бақылап, тыя алмаймыз. Себебі құзыретімізге кірмейді. Оны жергілікті атқарушы орган қадағалауы керек", - деді ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.

Похожие материалы