Тараз. 10 шілде. 7kun.kz - Жапония - Оңтүстік Корея елдерінде өткен роуд-шоу барысында “Тараз” химиялық паркіне қызығушылық танытқан Қытай және Еуроодақ елдері компанияларымен өзара тиімді, ұзақ мерзімді келісімдер жасалды. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің индустриалды-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.
Келіссөз қорытындысы бойынша, “Тараз” химиялық паркіне 24,5 млрд теңге инвестиция құйылып, жыл сайын 75 млрд теңгенің өнімдері өндіріледі. Инвесторлар кедендік төлемнен, жер-мүлік және корпоративтік кіріс салығынан босатылып, Еркін Экономикалық Аймақта еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.
Айта кетейік, “Тараз” химиялық паркі” Жамбыл облысының Шу ауданында 2012 жылы Президент жарлығымен химия саласын дамытуға арналған Еркін Экономикалық Аймақ негізінде құрылған. 505 гектар аумақты алып жатқан “химиялық паркте” әлемдік стандарттарға жауап беретін химиялық өнімдер өндіретін кәсіпорындар салынады. Аммиак, пластик құбырлар, шыны өндірісі, ауыл шаруашылығы химия өнімдері өндіріледі.
Бүгінгі таңда Еркін Экономикалық Аймақ аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Теміржол желісіне қосу мәселесі де шешілген. Алғашқы өндіріс 2015 жылдың соңына қарай іске қосылып, 2020 жылы 16 кәсіпорын жұмысын бастайды деп күтілуде. 2,4 мың жаңа жұмыс орындары ашылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024