Тараз. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Тараз қаласының әкімі қызметіне Бақытжан Орынбеков тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды», – делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, Тараз қаласының бұрынғы әкімі Ержан Жылқыбаев тамыздың басында қызметінен кетті. Ол қаланы бір жылдан астам уақыт басқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024