Тараз. 14 шілде. 7kun.kz - Таразда гипс зауыты ашылды. Жоба мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Тың технологиямен жұмыс істейтін өндіріс орны өз тауарын ел нарығына ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне де экспорттайтын болады.
Зауыттың жылдық қуаты 36 мың тонна өнім. Келешекте өнімділікті 140 мың тоннаға дейін арттырмақ. Жобаның жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрайды. Қазір бұл қаражаттың жартсына жуық бөлігі жұмсалып, қажетті қондырғылар орнатылды. Мұнда гипс өңделіп, құрғақ құрылыс қоспалары шығарыла бастады.
Баспасөз мәліметінше, технология заманауи талапқа сай. Жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар Италия мен Ресей мемлекеттерінен әкелінген. Автоматтандырылған жүйені арнайы оқу курстарынан өткен білікті мамандар басқарады.
Айта кетейік, жалпы индустриалды -инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аймақта 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024