Тараз. 13 шілде. 7kun.kz – Тараздағы «Қазфосфат» зауыты зиянды заттардан болған апаттан кейін жабылуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz-ке astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпорынның алдағы жұмысы мен тағдыры облыстық экология департаментінде қаралуда.
«Сынамалар алынды, күкіртті сутегінің зиянды заттары, нормадан асып кеткені анықталды. Қазір жоспардан тыс тексеру дайындалуда. Бәлкім, зауыт жөндеу жұмыстарына дейін мүлдем жұмысын тоқтатуы мүмкін», – деді Жамбыл облыстық экология басқармасының басшысы Серік Нұрбаев.
Зауыт өкілдері оқиғаның себебін анықтауда. «Қазфосфат» ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеулер жүргізілген, қала маңындағы санитарлық учаскелерде дозаның артуы тіркелмеген.
Еске салайық, қаланы улы тұман басып қалған болатын. Ауа қара-сұр түске айналып, тұрғындар ауыр жөтелге шағымданған.
Зауыт өкілдерінің айтуынша, түтіннің шығуы абсорбердің моногидрат сорғышының істен шығуынан болған. Сыртқа шығатын газдың алдын алу үшін цех шұғыл түрде тоқтатылған.
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Нұрланов күкірт-қышқыл цехында пайда болған ақауларды жою бойынша, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
Кейін Тараз әкімдігі қаладағы экологиялық жағдай тұрақты екенін және тұрғындардың денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейтінін айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024