Тараз. 23 қараша. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларының наразылық білдіру мақсатында зауыт аумағында жиналғаны көрінетін видеолар тарауда, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, дау «Қазфосфат» ЖШС цифрлық трансформация бөлімі басшысы Олег Куликовтың зауыт қызметкерлеріне қатысты айтқан мәлімдемесіне байланысты туындаған.
Соның салдарынан зауыт аумағына 200-ден аса жұмысшы жиналып, Куликовтың өздерінен кешірім сұрап, жұмыстан босатылуын талап еткен.
«Бұл жерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров, облыс прокурорының орынбасары Ұласбекұлы және облыс ПД өкілдері, сондай-ақ аудан прокуроры мен әкімі болды. Жиналғандар алдында аудан прокуроры М. Естаев сөз сөйлеп, кәсіпорын басшылығының атқарып жатқан шараларынан хабардар етіп, тәртіп сақтауға шақырды», – делінген хабарламада.
Қызметкерлер басқарма басшысы әріптестерінен кешірім сұрағанын және жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта зауыттағы ахуал тұрақты. Аталған мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында екені атап өтілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024