Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 18 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан гольф федерациясының президиумы ҚР бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовті федерацияның жаңа президенті етіп сайлады. Бұл туралы гольф федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал федерацияның құрметті президенті болып Нұртай Әбіқаев сайланды.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "География және биология пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

Ол ҚР Тұңғыш Президентінің көмекшісі, Атырау облысы, Алматы және елорда әкімі, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер, одан кейін Ресейдегі елші қызметін атқарды. 2019 жылдың желтоқсан айында зейнетке шығып, мемлекеттік қызметтен кетті.

Похожие материалы