Душанбе. 25 мамыр. 7kun.kz - Тәжікстанда бұдан былай елінде компания ашқысы келетін әрбір азамат кәсіптің қожайыны кім екені, офшорлық аймақтарда тіркелген компаниялары бар-жоғын анықтайтын ақпарат беруге тиіс.
Бұл өзгерістер "Заңды және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі" заңға енгізілген. Жаңа талаптар осы аптадан бастап күшіне енді. Заңның 2009 жылы қабылданған нұсқасында мұндай шарттар болмаған.
Заңның жаңа редакциясын тәжік парламенті сәуір айында қабылдаған. 14 мамырда ел президенті қол қойған. Құжат авторларының сөзінше, заңға енгізілген жаңа өзгерістердің мақсаты шетелмен экономикалық және сауда байланысында тазалықты қамтамасыз ету. Осыған дейін кәсіпорындарды немесе компанияларды тіркер алдында тек құрылтайшылардың аты-жөнін ғана сұраған. Акционерлер тізімі міндетті емес болатын.
Тәжікстанда кәсіпкерлерді тіркеу жөніндегі заң қысқа мерзім ішінде "Панама құжаттары" жария болғаннан кейін өзгертілді.
Айта кетейік, Mossack Fonseca құжаттарына журналистер тобы зерттеу жүргізді. Бұл досьеде салықтан қашып, қаржысын офшорлық компанияларға жасырған әлемнің ірі саясаткерлері, бизнесмендері бар. Миллиондаған есімдердің ішінде Тәжікстанның он азаматы болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024