
Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 2 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 341,72 теңгені құрады. 29 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (340,58 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,14 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 341,40 теңге, ең жоғары – 342,08 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 341,65 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 62 млн 450 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 129.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 343 теңге, Алматыда – 343 теңге деңгейінде сақталды.
АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025