Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бір жылда 6 пайызға нығайды

Теңге бір жылда 6 пайызға нығайды

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың қорытындысы бойынша, теңге 6,1 пайызға нығайған.

Ұлттық банктің дерегінше, теңгенің америкалық валютаға қатысты курсы 2014 жылдан бастап 2016 жылдың желтоқсанына дейін 21 пайызға құлдыраған. Бірақ 2016 жылы теңгенің долларға қатысты курсы 2,6 пайызға нығайды.

2016 жылы теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсетуде әлсіреуі 8,3% болды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 10,1% болды. Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша, теңге 6,1 пайызға (нығайғаннақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 37 елдің валюталарына қатысты өзгеруі). 

Негізгі сауда әріптестері валюталарының нақты айырбастау бағамдарының индекстерін өзгерту бойынша деректер кестеде келтірілген.

Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі

2016 жылғы қаңтар – желтоқсан 2014 жылғы қаңтар – 2016 жылғы желтоқсан
Ресей рубліне қатысты 8,3%-ға әлсіреу 10,1%-ға әлсіреу
АҚШ долларына қатысты 2,6%-ға нығаю 41,1%-ға әлсіреу
еуроға қатысты 5,3%-ға нығаю 22,7%-ға әлсіреу
Қытай юаніне қатысты 10,8%-ға нығаю 33,6%-ға әлсіреу
Беларусь рубліне қатысты 1,7%-ға нығаю 11,8%-ға әлсіреу
қырғыз сомына қатысты 2,8%-ға нығаю 24,6%-ға әлсіреу

Одан бөлек, Ұлттық банк тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, мұнай-газ саласының бірлескен кәсіпорындарына түскен инвестициялар елге келген капиталдың  негізгі көзі болған. 2016 жылғы 3-тоқсанда тікелей шетелдік инвестициялар 6,3 млрд долларға жетіп,  рекордтық көрсеткіші тіркелді. Ал тұтастай алғанда 2016 жылы ол 2015 жылғы көрсеткіштен 4 есе асып түсіп, 14,3 млрд долларды құраған.

 

Похожие материалы