Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8 пайызға нығайды

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8 пайызға нығайды

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - 22 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8 пайызға (334,32-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 332,68 теңге деңгейінда қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 15 желтоқсаннан 22 желтоқсан аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ Конгресі төменгі палатасы салық реформасының ағымдағы жобасын бекітуі, АҚШ экономикасының өсуі бойынша деректерді жариялау және Каталония парламентіне мерзімінен бұрын сайлау болды. Осы факторлар АҚШ долларының әлемдік нарықтарда біраз құбылмалығына әкеліп соқты.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Мексика песосы билік етуші Институциялық-революциялық партияның бұрынғы қазынашысын білімге бөлінген ақшаны партия сайлауларын қаржыландыруға жұмсаған деген айыптау бойынша соттау аясында 3,3 пайызға (19,12-ден 19,75-ке) әлсіреді;
  • Бразилия реалы 1,2 пайызға (3,30-дан 3,34-ке) әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы бір АҚШ доллары үшін 64,05 рупий деңгейінде саудаға түсті, айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ;
  • Индонезия рупиясы 0,1 пайызға (13 570-тен 13 556-ға) нығайды;
  • Ресей рублі 0,8 пайызға (58,76-дан 58,31-ге) нығайды;
  • Түрік лирасы 1,3 пайызға (3,86-дан 3,81-ге) нығайды;
  • Оңтүстік Африка рэнді 3,7 пайызға (13,10-нан 12,62-ге) нығайды.

Похожие материалы