Теңгенің әлсіреуі мен бағаның қымбаттауы халықтың санасына қатар сіңіп қалғаны рас. Жыл басынан бері теңгенің нығая бастауы тауар бағасы да төмендейді дегендей үміт берді. Бұл үміт ақтала ма? Осы туралы маңызды болжамдар мен пікірлерді жинақтай отырып, арнайы шолу ұсынамыз.
Соңғы 10 жылда Қазақстандағы инфляция екі рет секіріс жасады. Бұл әлемдік дағдарыстың мерзімімен сәйкес келетін уақыттар. Бірі – 2007 жылы 10,4 пайызға көтерілген болса, екінші рет 2015 жылы бірден 6,2 пайызға қымбаттап, 13,6% болды.
[caption id="attachment_63481" align="alignnone" width="684"] Stat.gov.kz[/caption]Осыған сәйкес 2015 жылдың қазанында бағаның бірден өсуі байқалған еді. Ұзақ сақталатын азық-түлік өнімдерінде ең жоғары өсім болған. Атап айтар болсақ өткен жылы бөлшектік сауданың өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызды құраған, ал халықтың табысы, керісінше, 4,5 пайызға төмендесе, тұтынушылық баға индексі бір жылда 14,6 пайызға жоғарылаған.
2016 жылда инфляция 8,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарлардың бағасы 9,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 9,5%, ал ақылы қызметтердікі – 6,1%-ға өсті.
Бұдан бұрын хабарлағанмыздай, Қазақстанның қаржы реттеуішінің мәліметтері бойынша 2017 жылы инфляция көлемі 6-8 пайыздық мақсатты дәлізде болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша бұл жақсы көрсеткіш емес. Бірақ Ұлттық банк мұны жетістік деп есептейді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов Капитал.kz порталына берген сұхбатында "Өткен жылғы девальвация толықтай бәсеңдеді деп сеніммен айтуға болады. Алдағы жылда, әрине, кездейсоқ жағдайлар болмаса, инфляция 6-8 пайыз арасында тұрақталады", - деген еді.
"OilGasProject" ЖШС директоры Жарас Ахметовтың пікірінше, мұны мынадай екі жағдаймен түсіндіруге болады. «Біріншісі - халықтың билік жүргізіп отырған экономикалық саясатқа деген сенімінің төмендігі, екіншісі - Гиффен парадоксы. Яғни, табысы аз отбасылар қымбаттағанына қарамастан ең қажетті тауарларды көбірек тұтына бастайды. Ал біздегі жағдайға мұның екеуі қосылып әсер етуде», - дейді экономист.
Ал теңгенің долларға шаққандағы бағамы жыл басынан бері 331,14 теңгеден 314,09 теңгеге дейін арзандады. Мұны Ұлттық банктің монетарлы операциялар департаментінің директоры Алия Молдабекова былай түсіндіреді «Ең біріншіден, теңгенің нығая бастауы мұнай бағасының көтерілуімен және ресей рублінің жағымды динамикасына байланысты. Соңғы уақытта теңгеге қарап нені байқауға болады? Бірден айтайын соңғы бес айда Ұлттық банк валюта курсына араласып отырған жоқ. Бірақ теңгенің нығаю тренді әлі де сақталып отыр. Бізде қазір салық апталығы басталды, яғни экспортшылар төлем жасайтын уақыт. Сондықтан қазір көптеген банктер экспортшылар салықтарын төлей алуы үшін мұнай долларларын сатып отыр. Бұл фактор да теңгенің нығаюына әсер етеді», - дейді Алия Молдабекова.
"...теңгенің нығаюы қысқа мерзіммен есептегенде ештеңеге де әсер ете алмайды. Одан бөлек, тауар ұсынысының өсуіне сенім артылатын болса, онда бірінші бағаның бірден өсуі орын алады. Ал одан кейін ғана қосымша тауарлық ұсыныстар бағаны төмендете алуы мүмкін"
Жарас Ахметов
Бағаның өсуі тауар ұсынысынан асып түсуі мүмкін еді. Бірақ тауар өндірісін кеңейту үшін тұрып қалған өндіріс күштерін жеңіл және арзан жолмен қайта қаржыландыру немесе жаңа өндіріс орындарын ашу қажет болады, - дейді Жарас Ахметов. Ал қаржыландырудың қымбат әрі қолжетімсіз болуының себептері көп. Бірақ оның ішінде инфляциялық шектеу саясаты бірінші орында тұрған жоқ бұған себеп ақшалай ұсыныстың тежелуі болып отыр.
Сарапшының пікірінше, теңгенің нығаюы тауар ұсынысының өсуіне әсер ете алады. Бірақ олай болуы үшін тұтынушылардың тарапынан сұраныс артуы қажет, ал ол халық табысының өсуі тікелей байланысты.
Сонымен, теңгенің нығаюы қысқа уақытта ештеңеге де әсер ете алмайды, - дейді экономист. Одан бөлек, тауар ұсынысының өсуіне сенім артылатын болса, онда бірінші бағаның бірден өсуі орын алады. Ал одан кейін ғана қосымша тауарлық ұсыныстар бағаны төмендете алуы мүмкін.
Оның пірінше, инфляциямен міндетті түрде күресу қажет, әсіресе, ол екі таңбалы мәнге жеткен кезде. Бірақ бұл жағдайда шыдамдылық қажет. Инфляцияның бірден төмендеуі декомпрессиялық эффектпен теңесіп, соңы нашар жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024