Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық валютаның нығая түсуі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сатып алушылар белсенділігінің күрт артуына себеп болуы мүмкін. Өткен жылдың желтоқсанынан бері, қыс айларында доллар 9%-ға немесе 27 теңгеге, яғни 341-ден 314 теңгеге дейін арзандады..
Homsters.kz сарапшыларының пікірінше, теңгенің кейінгі оң динамикасына ең әуелі баспана сатып алуды бұрыннан жоспарлап, салымдарын шетел валютасымен сақтап отырғандар ерекше назар аударады.
«Валюта динамикасының ерекшелігі соншалықты, баспана бағасы оны елеп те үлгермей жатыр және мүлдем өзгермейді десе де болады. Ал баспана сатып алуды ойлап, шетел валютасымен қаражат жинағандар оның құнын жоғалта бастады, себебі үй салушылар бағаны теңгемен белгілейді, яғни, мысалы, өткен жылдың желтоқсанында есепшоттағы 50 мың доллар 17 миллион теңгеге теңелсе, қазір ол 16 миллион теңгеден аз. Солай бола тұра қыс айларында бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да бағаның айтарлықтай төмендегені байқалмаған еді», - деп түсіндіреді Homsters.kz басқарушы серіктесі Мария Рен.
Дегенмен Homsters.kz сарапшылары пәтерлер құнының төмендейтінін болжап отыр. Мария Рен «баға, әсіресе, қайталама нарықта анағұрлым өзгереді, бұл нарықта сатушылар әлі де болса шетел валютасына қарайды» деп есептейді. Құрылыс салушылар бағаны теңгемен қалыптастыруға әлдеқашан көшіп, оны дағдарыстың нағыз күшейген кезінде төмендеткендіктен жаңа үйлер нарығында шетел валютасына тәуелділік аз. Бұған қоса, олар импорт құрылыс материалдарына иек артуды азайтуға, соған сәйкес, шаршы метр бағасын валюта бағамындағы ауытқуларға тәуелді етпеуге тырысады.
«Бірқатар сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта осы жылдың соңына қарай долларына 290 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Соған байланысты жылжымайтын мүлікті дәл қазіргі кезде сатып алу жинақ қаражатты жоғалтып алмаудың жақсы амалы болар еді. Әсіресе, бұл жаңа үйлер нарығына қатысты, себебі қайталама нарықтан пәтер алудың шығындары бұл саудадан ұтуға жол бермеуі мүмкін», - дейді Мария Рен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024